"Қазгидромет" 27-28 ақпан және 1 наурыз күндеріне ауа райы болжамын жасады

Алдағы үш күн бойы елдің көп бөлігінде қар жауады.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, алдағы күндері оңтүстік циклон әлі де ҚР аумағының басым бөлігіне өз ықпалын сақтап қалады, боран соғып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 01 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.

ҚР бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да көп қатты желдің ықтималдығы сақталады.

Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.