Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Түркістан облысында жол-патрульдік полиция инспекторы қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.

Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын,  деп жазды министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.