Министрліктің Telegram каналында хабарланғандай, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 2025 жылғы 12 наурызда Астана уақытымен 06 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді. Ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684.00 шақырым жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 шақырым қашықтықта). Сезілетіні туралы мәліметтер: Есептік қарқындылығы (балмен): Келес ауданының Абай ауылы 3.0 б., Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы 3.0 б. құрады. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұсынды:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); – көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Үйден шығар алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.