Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.

Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды  Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.

Қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, еш қиындықсыз жарыстың ширек финалына өтті. Үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатты.

Айта кетейік, 12 наурызда 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Надежда Рябец те ширек финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.