Астанада «Жүректен жүрекке» концерті өтті

Қайырымдылық акциясы «Өзгеге көмек – Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі» ұранымен өтті.

Елордада Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Қайырымдылық пен мейірім күні «Жүректен жүрекке» атты концерт өтті, оған кез келген адам қатыса алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, қайырымдылық акциясы «Өзгеге көмек – Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі» ұранымен өтті.

Сахнада жас өнерпаздар өнер көрсетті. Олардың қатарында №1, №2, №3 музыка мектептері мен №1, №2 өнер мектептерінің оқушылары бар. Олар көрермен алдында өнерлерін ортаға салды, сонымен қатар қазақ мәдениетін дәріптей отырып, өлең оқыды.

«Қайырымдылық концертіміздің атауында да символдық мән-мағына бар. Әрбір әуен тыңдарманның жанын тебірентіп, қазақ даласының сұлулығы мен өзіндік ерекшелігін көрсетеді. «Ересектер балалардың шығармашылығына тәнті болды», - дейді концертті ұйымдастырушы және Астанадағы №1 музыкалық мектеп директоры Жанар Қалиева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз