Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірнеше ұсыныс жасады. Министрлік ірі сауда нысандарының сағат 10:00 мен 18:00 аралығына дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып қысқартуды ұсынды. Сауда нысандарының аймағында кинотеатр, балалар орталығы мен басқа да көңіл көтеру алаңдары жабылуы керек. Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сауда базарлары күнделікті режим бойынша санитарлық және дезинфекциялық шаралар сақталып, жұмыс істей береді. Сонымен қатар, дүкендерде нан және кондитерлік өнімдер жабық, яғни, қапталған күйінде сатылуы керек. Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялады.