Sergek ақпарат: Наурызда жол қозғалысы қалай өзгереді?

Наурыз мейрамы қарсаңында Sergek ITS сарапшылары Астана мен Алматы жолдарындағы көлік жүктемесін талдап, өткен жылдағы мәліметтер негізінде биылғы ықтимал жағдайға болжам жасады.

Sergek ITS сарапшыларының айтуынша, екі қалада да көлік қозғалысы 20 наурыз күні айтарлықтай артады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылы Астанада 20 наурызда пик сағаттарында орташа қозғалыс жылдамдығы төмендеген:

Таңғы қарбалас уақытта

- Бөгенбай батыр даңғылы (екі бағытта) → -5–11%

- Тілендиев даңғылы (батыс) → -6–12%

- Тұран даңғылы (солтүстік) → -13%

Кешкі қарбалас уақытта:

- Қабанбай батыр даңғылы (оңтүстік) → минус 12–15%

- Қорғалжын тас жолы (батыс) → минус 10–15% (13:00-ден түнге дейін)

- Тұран даңғылы (солтүстік), Абылай хан даңғылы (батыс) → минус 5–6% (15:00-ден бастап)

Алматыда 2024 жылғы 20 наурызда жол қозғалысы барлық дерлік көшелерде 19–36%-ға артқан. Әсіресе, сарапшылар ВОАД (солтүстік) және Әл-Фараби даңғылын (шығыс) ерекше атап өтті. ВОАД → +36%. Әл-Фараби даңғылы → +31%. 

Пик сағаттарында қозғалыс жылдамдығы өзгермеген, көлік ағыны біркелкі таралып отырған.

Биыл да дәл осы жағдай қайталануы ықтимал. Сондықтан Астана мен Алматы тұрғындарына жолға қосымша 15–20% уақыт қарастыру керек. Мерекені үйге жақын жерлерде атап өтіп, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынамыз, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.