Солтүстік Қазақстандағы тасжолдардың бірі 10 сәуірге дейін жабылды

Жол су тасқыны кезеңінде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстарына байланысты жабылған.

"ҚазАвтоЖол" Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолдың бірі 2025 жылдың 10 сәуіріне дейін автокөліктің барлық түрі үшін жабылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, жол су тасқыны кезеңінде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстарына байланысты жабылған.

– 2025 жылғы 21 наурыз сағат 15:00-ден бастап KZ15-09 "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) автокөліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі, – делінген ақпаратта.

Бұл ретте балама жолдар:

  • Жеңіл көліктер үшін Петропавл қаласы арқылы.
  • Жүк көліктері үшін KZ15-02 "Петерфельд – Архангельск – Новокаменка" және KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының Арқалық арқылы (0-30,519 шақырым) және KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" Арқалық арқылы ( 938- 954 шақырым).