Арқалықтағы бір пәтерде өрт шығып, құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады

Сондай-ақ өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан көлемі 27 л. екі газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды

Қостанай облысы Арқалық қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабаттағы пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz ТЖМ сілтеме жасап

Құтқарушылар 14 адам (оның ішінде 6 бала) далаға алып шықты. Сондай-ақ өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан көлемі 27 л. екі газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.

- Өрт толығымен сөндірілді. Себебі анықталуда. Денсаулық жағдайын бақылау мақсатында қалалық ауруханаға 6 адам, оның ішінде 5 бала жіберілді. Олардың жағдайы тұрақты, - деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз