Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік өлексесі табылды

Ұлытаудан бөлек тағы 4 облыста тазарту жұмыстары жүргізіулде

Елімізде жыл басынан бері 18 мыңға жуық киік өлексесі жиналды. Басым бөлігі Ұлытау облысында.

Бұл жайлы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Арна тілшінің мәліметінше, өңірде тазалау, жою жұмыстары әлі жалғасуда. Оған 5 облыстан келген арнайы мамандар мен еріктілер қатысып жатыр. Тұрғындар даламыз өлексе сасып, суымыз бүліне ме деп алаңдаулы. Себебі Кеңгір су қоймасы әлі де толықтай тазартылмаған. 

Бұл жұмысқа 80 жуық адаммен 30 тарта техника жұмылдырылған. Облыс бойынша жыл басынан бері 14 мың өлексе жойылды. Өлексе жинау жұмыстарына Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Алматы, Қостанай өңірінен арнайы мамандар келіп көмек беруде. Көмекке жергілікті тұрғындар да тартылған екен.

Ұлытаудан бөлек тағы 4 облыста тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда өңірлерінен бүгінде 4000 жуық киік ұшалары жергілікті билік есебінен арнайы орындарда жойылды. мамандар өлекселерден сынама алып, неден қырылғанын анықтауда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз