Күнкөріс минимумынан төмен табысы бар адамдардың көбі (825,8 мың адам) бес және одан да көп адамнан тұратын отбасыларда өмір сүреді. Төрт адамнан тұратын отбасыда – 92,4 мың адам, үш адам бар отбасы – 36,6 мың, екі адам бар отбасыда – 12,9 мың, жалғызілікті 1,2 мың қазақстандық бар.
Былтыр 167 мың отбасының ішінен 4,2 мыңының табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен болған, бұл көрсеткіш бір жылда 25,5%-ға азайған. Бұл отбасыларда 28,3 мың адам тұрған, бұл 2023 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 16,9%-ға аз.
Азық-түлік себеті құнынан төмен табысы бар отбасылар Қазақстанның 6 өңірінде тіркелген. Атап айтқанда, Шымкентте – 1,5 мың, ШҚО-да – 821, Түркістан облысында – 765, Алматы облысында – 609, Жамбыл облысында – 473 және Ұлытау облысында – 54 отбасы.
Күнкөрісі минимумнан төмен халықтың үлесі 4,8%-ды, ал азық-түлік себетінің құнынан төмен табысы барлар 0,1%-ды құрады.
М.ЖАСЫН