Әскери шеруді терезеден түсірмек болған әйел ескерту алды

Дрон тұрғын үйдің 20-қабатына ұшып келген.

Астаналық тұрғын әскери шеруді үйінің терезесінен түсіргелі тұрғанда әйнекке дрон ұшып келіп, дауыстап ескерту жасаған бейнежаба әлеуметтік желіде әп-сәтте тарап кетті. 

Бейнежазба авторы дрон тұрғын үйдің 20-қабатына ұшып келгенін айтты. 

"Құрметті тұрғындар, сізден терезені жауып, қауіпсіздігіңіз үшін одан алыстауыңызды сұраймыз", – деп дауыстаған дрон.

Желі қолданушылары мұндай жаңашылдыққа таңданып, "мергеннің көз алдында болғансыз ғой", "қарапайым қауіпсіздік шарасы: төбеден бәрін бақылайды", "бұрын бәрі  емін-еркін еді, енді режимді бұзуға болмайды деп шығыпты" деп біразы пікір қалдырған. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтті.