«Қызымды балалар үйіне апарып тастаңызшы»: желіде тараған бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіретті

Жазбаны оқыған келіншек жылап жіберді.

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған бейнежазба жұртты жылатты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Саябақта серуендеп жүрген кішкентай қыз демалып отырған бейтаныс келіншектің қасына келіп, қолындағы қағазда не жазылғанын оқып беруін өтінеді. 

Қағазда: «Қызымды балалар үйіне апарып тастаңызшы» деп жазылған. 

Мұндай ауыр жазбаны оқыған келіншек жылап жіберді, қызды қолынан ұстап, оны жанында жүрген өз балаларына таныстырады.

Алайда кейін белгілі болғандай, бұл – адамдардың жанашырлығы мен мейірімін тексеруге бағытталған әлеуметтік эксперимент екен.