«Украина Ресейдің жүрегіне соққы жасап жатыр»: Зеленский алғаш рет ашық мәлімдеді

Президенттің айтуынша, соғыс майданында ғана емес, технология мен бірлескен өндіріс саласында да күрес жүріп жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің терең тылындағы нысандарға жасалған соңғы шабуылдар туралы алғаш рет ашық мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Оның айтуынша, украин дрондары мен зымырандары стратегиялық маңызы бар нысандарды дәл көздеп, маңызды нәтижелерге қол жеткізген.

«Біз Ресейдің артқы шебіне соққы жасап жатырмыз. Бұл – Украина қорғанысын күшейтудің және агрессияны тоқтатудың бір жолы», – деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, соғыс майданында ғана емес, технология мен бірлескен өндіріс саласында да күрес жүріп жатыр. Украина Батыс елдерімен бірге алысқа ұшатын қару түрлерін жасап шығаруда және бұл – Ресейдің «тәбетін» басудың басты тәсілі.

Сонымен қатар Зеленский Украинада қару-жарақ өндірісі артып келе жатқанын, жаңа келісімдер жасалып жатқанын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз