Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет танымал мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альвареспен бірге түскен видеосын жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбада Бек Нұрмағанбет мен Альварестің жеке ұшаққа бара жатқанын көресіздер. Ұшақ мексикалық боксшыға тиесілі. Видеоны спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.
"Мен көтеріліп кеткенмін… Айтсам, сенбейсіңдер... Канело братан қыдыртып жүр", – деп әзілдеп жазба қалдырды Бек Нұрмағанбет.
Mundodeportivo басылымының мәліметінше, видеодағы Embraer Legacy 500 үлгісіндегі ұшақтың иесі – Канело. Аталған әуе кемесінің нарықтағы бағасы – шамамен 18,4 миллион доллар.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет – қазір "Канелоның" залында жаттығып жүр әрі мексикалықтың спарринг-серіктесі. Қазақ боксшысының даярлығы мексикалық супержұлдыздың жеке бапкерінің қадағалауында.