«Қолма-қол ақша қажет»: Перизат Қайрат қордың қаржысын қалай жымқырғаны белгілі болды

Оның сөзінше, Қайрат кәсіпкерлерді араға салып, ақшаны ИП есепшоттары арқылы өткізіп отырған.

Сотта куәгер Әділхан Мусин Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қорына түскен қайырымдылық қаражатты қалай қолма-қолға айналдырғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның сөзінше, Қайрат кәсіпкерлерді араға салып, ақшаны ИП есепшоттары арқылы өткізіп отырған.

"Перизаттың жеткізушілері болды, олар тек қолма-қол ақша сұрады. Біз сендік. Құжаттарды кейін реттедік", – деді ол.

Мусиннің айтуынша, 2024 жылдың көктемінде Қайрат одан Қытай шекарасынан киіз үй мен басқа да заттарды сатып алуға көмектесуін сұраған.

«Жеткізушілер қолма-қол ақша талап етеді» деп сендірген. Ол Қайратты бірнеше кәсіпкермен таныстырып, ақша солардың шотына аударылып, кейін шешіліп берілгенін айтты.

– Барлығы заңды болады деп ойладық, бірақ рәсімдеуге уақыт болмады", – деді Мусин.