Александр Бублик Швейцариядағы ATP 250 турнирінің финалына шықты

Финал ертең өтеді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP №34) жартылай финалда француз Артюр Казоны (ATP №116) 6:1, 7:5 есебімен жеңіп, шешуші кездесуге жолдама алды.

Турнирде Бублик екінші нөмірмен тіркеліп, жарысты бірден екінші айналымнан бастаған болатын.

 Финалда оның қарсыласы — аргентиналық Хуан Мануэль Черундоло (ATP №109). Черундоло соңғы 9 матчтың 8-інде жеңіске жетіп, қатарынан екінші финалға шығып отыр. Өткен аптада ол Брауншвейгте өткен ірі Challenger турнирінің финалында ойнаған.

Бублик финалға шыққаны үшін 52 890 еуро мен 165 рейтингтік ұпай иеленді. Жаңа аптада ол қайтадан әлемдік рейтингтің ТОП-30-на енеді.