Азат Мақсұм UFC-дегі келесі жекпе-жегінде кіммен төбелесетіні белгілі болды

Кездесу 2025 жылдың 25 қазанында Абу-Дабиде орналасқан Etihad Arena аренасында өтетін UFC 321 турнирі аясында өтпек.

Қазақстандық ММА спортшысы Азат Мақсұм UFC-дегі келесі жекпе-жегін америкалық файтер Митч Рапосоға қарсы өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу 2025 жылдың 25 қазанында Абу-Дабиде орналасқан Etihad Arena аренасында өтетін UFC 321 турнирі аясында өтпек.

Мақсұм (17–2) соңғы жекпе-жегінде Тагир Уланбековке төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бұл жекпе-жек – қазақ спортшысы үшін қайта жеңіске оралып, жеңіл салмақтағы позициясын нығайтуға тамаша мүмкіндік.