Белгілі TikTok қолданушысы, заңгер жақында ғана сотталып жатқан Перизат Қайрат туралы жазып, әлеуметтік желіде өзгеше ой айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Перизат Қайратқа жек көріп қарауға негіз жоқ! Қарапайым адамдарды алдаған жоқ және қарапайым адамдарға зияны да жоқ. Алдаса, ақшасы қалтасына сыймай жүрген Димаш Құдайберген сияқты тұлғаларды алдады. Қылмыстық іс бойынша алданған фигуранттар осал адамдар емес. Заңгер ретінде жеке пікірім", - деп жазды Азамат есімді заңгер.
Астаналық жігіттің бұл жеке пікірі желі қолданушылары арасында дау тудырды.
"Димаштың қалтасына ақшаны сен салып бергендей айттың ғой", "Дәрігерлер мен мұғалімдер біркүндік ақшасын аударған", "Сен сияқты заңгерлер болса, көгермейміз", "Димаш таза еңбегімен тапты", - деді олар.