Бойжеткеннің бұл әрекеті, яғни мұздатылған мысықты қолына алып, "өзінің семізін-ай! Жібісін, бөлшектеп тұрып соямын. Керек десеңіз, суретке түсіріп жібере аламын" деген бейнежазбаны Устинка LIVE бағдарламасында көрсетілді, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Олардың айтуынша, бейнежазбадағы қыздың жасы – 17-де. Ол – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғыны.
Артынан бұл бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып, Риддерлік белсенділер адам шошырлық видео таратып жүрген бойжеткеннің әрекетіне назар аударып, полицияға шағымданған.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға сенсек, бейнежазбадағы қыз бала үй жануарларын өлтіріп, сойып, олардың қалдығынан кәдесый жасаған. Әрі әрекетінің бәрін видеоға түсіріп, оны TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасына салып отырған.
ШҚО-ның Полиция департаменті бұл мәселені бірден қолға алған.
«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты кәмелет жасына толмаған 17 жастағы қыз анықталды. Полиция бөліміне ол ата-анасымен бірге келді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция кәмелет жасына толмаған қыз бен оның ата-анасына заң талаптарын түсіндіріп, іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберілді», - деп хабарлайды ШҚО-ның Полици департаментінің баспасөз қызметі.