Ақпаратқа сәйкес, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан тарапының шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды. Сапар аясында оны Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қабылдады, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
– Қырғызстан президенті екі ел арасындағы одақтастық және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына қанағаттанатынын білдіріп, сондай-ақ қазақ-қырғыз ынтымақтастығының көпжақты алаңдарда дәстүрлі түрде жоғары деңгейде екенін атап өтті. Қазақстан Президентінің Қырғызстанға алдағы ресми сапарын дайындау және өткізу бойынша негізгі мәселелер айтылды, – делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қырғызстан басшысы екіжақты форматтағы одақтастық байланыстар мен стратегиялық серіктестіктің тереңдеп келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, көпжақты алаңдардағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дәстүрлі жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шынайы тілектер мен жылы сәлемін жеткізді.