BGR сайтының материалына негізінде Aikyn.kz 30 млн долларға түсірілген фильмнің қайтадан табысты болу себебін талдайды.
Ең қызығы – Rotten Tomatoes-тағы көрермендер рейтингі 87% болған. Бұл сыншылар мен қарапайым көрермендер арасындағы көзқарас алшақтығын айқын көрсетеді.
Фильмде басты рөлді ойнаған Лиам Нисон (Liam Neeson) – өзіне ғана тән «дағдылар жиынтығы» бар актер. Ол көбіне күрделі желіге құрылған, бірақ көрерменді қызықтыра алатын экшн мен триллерлерде ойнайды. Көрерменді 5 жылдан кейін қызықтырған, 2020 жылы жарық көрген Нисон ойнаған «Адал ұры» (Honest Thief) криминалдық фильмі.
Rotten Tomatoes-та пайдаланушылар: «Лиам түскен кез келген фильм керемет» деп жазады. Және фильмді «өте шиеленісті әрі тартымды» деп сипаттайды. Бұл сипаттамамен толық келісу қиын болғанымен, фильмнің қызықты екені рас. IMDB сайтында оның рейтингі орташа деңгейде 10-нан 6 балл жинаған. Яғни, керемет те емес, нашар да емес.
«Адал ұрының» қайта танымал болуының себе қандай? Бұл сұраққа бір ғана нақты жауап жоқ. Мүмкін, фильмнің негізіндегі романтикалық желі, полиция мен қылмыскерлер арасындағы қақтығыстар болуы мүмкін. Мүмкін көрерменге Лиам Нисон ойнайтын попкорнмен көруге болатын классикалық триллердің таптырмас үлгісі әсер еткен болар. Екінші жағынан, Netflix алгоритмдері де фильмді пайдаланушыларға жиі ұсынуы мүмкін.
Сонымен қатар, прокатта сәтсіздікке ұшыраған ескі фильмдердің стриминг арқылы «екінші өмір» табуы – жиі кездесетін құбылыс. Джейк Джилленхол түскен 2022 жылғы криминалдық триллерден бастап, бағаланбай қалған ғылыми-фантастикалық хоррорларға дейін көптеген фильмдер дәл осылай қайта танылды.
Мүмкін, себеп қарапайым шығар. Жаңа контент аз, ал бұл фильм онлайн көруге қолжетімді. Бірақ көрермен пікірлеріне қарасақ, басты себеп – адамдарға Лиам Нисонның салқынқандылығы, үнсіз әрі қаһарлы кейіпте «жаман жігіттерді тәртіпке салғанын» көру ұнайды. Демалыс күндері уақытыңыз болса сіз де фильмді көруіңізге болады: «Агент Эванс, мен сені іздеп келемін».
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.