CNN-нің жазуынша, АҚШ конгресі президент Дональд Трампқа қарсы импичмент процесінде оны толықтай ақтап шыққан. Ресми мәліметті, яғни Дональд Трамптың ақталғанын Ақ үй баспасөз қызметінің басшысы Стефани Гришамта растаған. Еске салай кетейік, Дональд Трампт қызметтік бабын асыра пайдаланып, конгресске кедергі жасаған деп айыпталды. Алайда, заң шығарушы органның басым бөлігі президентті кінәсіз деп танып, оның ақталып шығуына дауыс берген. Импичмент болуы үшін сенаторлардың үштен екі бөлігі президентке қарсы дауыс беруі тиіс еді. АҚШ-тағы БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Дональд Трамптың өзі осы жеңісіне қатысты пікір білдірмеген. Халық алдына шығып, мәлімдеме жасауға уәде берген.
Атап өтер жайт, импичмент процесі былтыр басталған еді. АҚШ конгресі палатасының өкілдері президент Дональд Трампқа импичмент жариялап, олар оны парламент сотына екі бап: «өкілеттілігін асыра пайдалану» және «конгреске кедергі келтіру» бойынша тартуға дауыс берген.Сол уақытта демократтар қазіргі президентті Украина президенті Владимир Зеленскийге қысым көрсетті деп айыптаған.