Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңы­­зы айрықша. Осы кү­ні хал­қы­­мыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жо­лын­да ерікті әрі түп­кілікті таң­дау жа­сады. 

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз ба­ба­лар рухына тағзым етіп, өскелең ұр­пақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал бо­ла­мыз. 

Азаматтарымыздың ырысты ын­ты­мағының, өзара қол­дауының және жа­сам­паз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақ­тылық пен келі­сімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіз­дік­ті нығайту ісінде елеулі жетіс­тіктерге қол жеткізді. Қазір бү­кіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қа­тар, тың мүмкіндіктерге то­лы жаңа тарихи дәуір бас­талды. 

Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде бола­шаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бір­лі­гі­мізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі бе­­де­лі мен бәсекеге қабілетін арт­тырып, Қазақстанды көр­кей­ген мемлекет ретінде дамыту үшін аян­бай еңбек етуіміз қажет. 

Қазір жүзеге асырылып жатқан ау­қым­ды реформалардың нә­тиже­сін­де зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаң­ғыруға бағыт­тал­­ған стра­те­гиялық бағдарымыздан ауыт­қымай, Әді­летті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақ­стан­ды құрамыз. 

Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс ті­леймін!

Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!