Германиядағы Бухенвальд лагерінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқында болған қазақстандықтарды еске алуға арналған ескерткіш тақта ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап
Олардың есімдерін енді сондағы QR-код арқылы көруге болады.
1937 жылдан бастап соғыс аяқталғанға дейін мұнда 280 мың адам қамауда болған. Олардың 56 мыңы аштықтан, азаптаудан және аурудан көз жұмды. Қаза тапқандардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар. Сарапшылар жерлестеріміздің аты-жөні мен олар жайлы деректерді анықтады. Көпшілігі Алматы, Атырау және Ақмола облыстарының тумалары.