Қазақстанның стратегиялық қадамы нық

2025 жыл Қазақстан үшін кезекті күнтізбелік кезең ғана емес, мемлекеттік дамудың сапалық жаңа белесі ретінде тарихта қалатын жыл болды.

Бұл жетістіктер кездейсоқ емес. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың кәсіби дипломатиялық мектебі, стратегиялық ойлау қабі­ле­ті және жүйелі менеджерлік тәсілінің нәтижесі екені анық.

2025 жылы Қазақ­станда мем­лекеттік басқару жү­йесін жаң­ғыр­ту нақты нәти­же­лермен көрінді. Цифрландыру, де­рекке негіздел­ген шешім қа­был­дау, орталық пен өңірлер ара­сындағы жауапкер­шілікті нақ­тылау – мұның бәрі басқарудың тиімділігін арттырды. Мемле­кет­тік аппаратта фор­ма­лизм қыс­қарды, функциялар оң­тайлан­ды­рылды және нәтиже мен жауап­кершілікке негізделген басқару мәдениеті қалыптаса бастады.

Бұл – Мемлекет басшысының «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының нақты іске асқанын көрсетеді. 2025 жыл Қазақстан экономикасы үшін сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақты­лықты сақтай алған кезең болды. Экономикалық саясатта инвести­циялық ахуал нығайды, өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобаларға басымдық берілді, сон­дай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау жүйеленді. Ең бастысы – эконо­мика шикізатқа тәуелді модельден біртіндеп әртарап­тан­дыру жолына түсті. Бұл – қыс­қа­мерзімді емес, ұзақмерзімді стра­тегиялық табыс.

Сонымен қатар биыл халық­аралық аренада Қазақстанның сенімді әріптес, жауапты мемлекет ретіндегі бе­делін айқын көрсеткен жыл бол­ды. Мемлекет басшы­сының кә­сіби дипломатиялық шеберлігінің арқасында Қазақ­стан ірі держа­валармен теңгерімді әрі прагма­тикалық диалог жүр­гізді, Орталық Азиядағы тұрақ­ты­лық пен өзара сенімді нығайтуда жетекші рөл атқарды, халық­ара­лық ұйымдар мен жаһандық плат­формаларда ел мүддесі дәйекті қорғалды.

Қазіргі жағдайда Қазақстан геосаяси күрделі жағдайда бейта­раптық пен прагматизмді сақтай алды, көпвекторлы сыртқы сая­саттың өміршеңдігін дәлелдеді, халықаралық инвесторлар мен серіктестер үшін сенімді алаң ­еке­нін тағы бір мәрте көрсетті. Бұл тек кәсіби дипломат емес, мем­лекетшіл стратег ретіндегі Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын артық­шылығы. 

Осы жылы Парламент заңна­малық реформаларды сапалық жаңа деңгейде қамтамасыз етті, әлеу­меттік-экономикалық бас­тама­лардың институционалдық негі­зін қалады, Үкіметпен конс­трук­тивті әрі талапшыл диалог жүр­гізді. Сенаторлық менед­жер­лік тәжірибе көрсеткендей, мемле­кеттің тұрақты дамуы тек бастама көтерумен емес, оны кәсіби сүйе­мелдеумен өлшенеді. Осы тұрғыда билік тармақта­ры­ның өзара теңге­рімді жұмысы 2025 жылғы жетіс­тік­тердің басты факторына айналды.

Амангелді НҰҒМАНОВ, 

Парламент Сенатының депутаты