Ауа райына байланысты Ақтөбе мен Қостанай облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды

29 желтоқсан күні сағат 02.30-да күн райының қолайсыздығына байланысты жағдай.

Тиісті органдар еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлімдеді, - деп жазды Aikyn.kz.

«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 5-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтық елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін); 

«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-310 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасынан Адаевка ауылына дейін) жабық.

Жолды 29 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.