Атышулы шенеунік, бұрынғы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ресми сайтта бұл ақпарат әзірге жарияланбағанымен, компанияның баспасөз қызметі Ғ.Әбдірахымовтің жаңа лауазымға 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскенін растады. Бұл – оның соңғы бірнеше жылдағы алғаш рет жұртшылық алдына шығуы.
Жаңа қызметі туралы мәлімет шенеуніктің Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды.