Астанадағы Дженнифер Лопестің концертінде жанжал шығарғаны үшін полицейдің әйеліне айыппұл салынды

Оқиға 2025 жылдың тамызында болған еді.

Әйел адамның өз-өзін агрессивті ұстағаны, айналасындағыларды итергені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның әрекеттерінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылмады.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды. 5 баласы бар болғандықтан, оған әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылмады. Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.