–56 градус: Қазақстанда адам төзгісіз аяз тіркелді

Өңірде қатты аяз әлі де сақталып отыр.

17 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Марқакөл ауданына қарасты Шанағатты ауылында (бұрынғы Орловка) –56 градус аяз тіркелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өңірде қатты аяз әлі де сақталып отыр.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Алтай ауданының Парыгино ауылында ауа температурасы –53 градусқа дейін төмендегені белгілі болған. Бұл сәтті ауыл тұрғындары бейнежазбаға түсіріп алған. Ал оған дейінгі күні аталған елді мекенде –45 градус аяз тіркелген еді.

Парыгино ауылдық округінің әкімі Ғани Түлековтің айтуынша, жергілікті тұрғындар төтенше суыққа алдын ала дайындалған.

— Әлеуметтік нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда ешқандай іркіліс тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда, — деді әкім.