Астанада Ш.Айтматов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде лифтіде қалып қойған бес адамға құтқарушылар көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Лифт 7-қабаттың тұсында тоқтап қалған. Арнаулы кілттің көмегімен құтқарушылар лифт есігін ашып, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: егер лифтіде қалып қойсаңыз, сабыр сақтаңыз, диспетчермен байланысыңыз, барлық түймені қатарынан баспаңыз және есікті өз бетіңізше ашуға әрекет жасамаңыз.