Қаскелеңде ер адам әйелін де, енесін де соққыға жықты

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қолына таяқ ұстап аулаға кіріп, әйелін бірнеше рет ұрғаны көрінеді.

Қаскелеңде ер адам әйеліне және енесіне күш көрсеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Информбюроға сілтеме жасап.

Оқиға 24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қолына таяқ ұстап аулаға кіріп, әйелін бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Сонымен қатар, оларға араша түспек болған енесіне де қол көтерген. Бұдан бөлек, күдікті аулада тұрған автокөліктің терезелерін сындырған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.