Теннисші Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты

Финалда олар Қытай өкілі Чжан Шуай мен бельгиялық теннисші Элизе Мертенске қарсы ойнайды.

Теннистен әйелдер арасындағы жұптық сайыста Қазақстан құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани жұбын тізе бүктірді. Үш сетке созылған кездесу 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Қиын сәтте ойын тізгінін өз қолына алған Данилина мен Крунич «Үлкен дулыға» турнирінің шешуші кезеңіне жолдама алды.

Финалда олар Қытай өкілі Чжан Шуай мен бельгиялық теннисші Элизе Мертенске қарсы ойнайды.

Бұл Анна Данилинаның Australian Open турниріндегі екінші финалы. 2022 жылы ол Мельбурнде бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге финалға дейін жетіп, чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчиковаға есе жіберген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.