«Орнымнан тұрып, жүріп кетсем екен...»: әнші Төреғали Төреәлінің қызы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Кәусардың күнделігіне жазған асқақ арманы көпшілікті бейжай қалдырмады.

Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде ерекше қызымен видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол қызының қағаз бетіне түсірген армандарын оқып берді. «Кәусардың күнделігінен рубрика: «Бақыттың кілті», - деп бастады анасы.

"Мен үшін бақыттың кілті – 12 мүшемнің сау болуы, өз қолыммен тамақтану. Мама-папама машина, үй алып беру, тұрмысқа шығу, өз үйімде тамақ жасау, өз үйімде демалып жату. Алладан осы нәрселерді сұраймын. Өз орнымнан тұрып кетсем екен, үлкен үйім болса екен, өзім айнаға қарап отырып боянсам екен. Күйеуге шығып, ата-енеме қызмет жасағым келеді. Балаларым «Мама, тамақ бермейсің бе?» деп жүгіріп жүрсе екен», - деп жазылған хатта. 

Кәусардың күнделігіне жазған асқақ арманы көпшілікті бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары Кәусарға денсаулық тілеп, армандарына жетуге тілектестігін білдіріп жатыр.

«Жүрегі қандай кең еді», «Періштенің тілегі қабыл болсын», «Керемет жеткізеді екен ойын», «Алла тілеуіңді берсін», «Түсінген адамға бір сілкіп алатын дүние! Қолда барда қадірі жоқ деген», «Барлық арманы орындалсын», «Дұғаң қабыл болсын», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.