Тұман, көктайғақ болады: 30-31 қаңтарға ауа райы болжамы

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады.

Қазгидромет 30-31 қаңтарда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30-31 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болатыны, облыс орталығында жаяу бұрқасын жүретіні болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Өскеменде де 30 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз Аягөз ауданындағы екпіні 15-18 м/с. Семейде 30 қаңтарда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда 30 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Шымкентте және Түркістанда 30 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түсіп, облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 30 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.