Қазақстан құрамасының теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Мельбурн қаласында (Аустралия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Нұрланұлы ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен (ITF Juniors рейтингі - 48) кездесті.
Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сындағы алғашқы жартылай финалисі атанды.