Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Талдықорған қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен әкімшілік сот процесіне онлайн қатысты.
Ашық сот отырысының негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық тәртіп пен заңның үстемдігін насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру сондай-ақ Құқық және экономика факультеті студенттерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сот барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі, яғни мас күйінде автокөлік басқару дерегі бойынша іс қаралды.
Отырыс барысында істің мән-жайы жан-жақты қаралып, қолданыстағы заң нормалары түсіндірілді.
Сот отырысына университеттің барлық факультетінен 5 мыңға жуық студент пен оқытушылар онлайн режимде қатысты.
Аталған сот процесі студенттерге әкімшілік істерді қарау тәртібімен танысуға, сондай-ақ мас күйде көлік басқару әрекетінің қауіптілігін және құқықтық жауапкершілікті түсінуге мүмкіндік берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.