Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды

Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй иеленді. Үздік үштікті Абдулла Жасим Әли (БАӘ) түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.