Могулшылар финалға өте алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды.

Екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсеткен еді.

Алғашқы финалдық сырғанауда Галышева 14-орын, Городко 15-орын, Әмренова 18-орын алды. Алайда бұл нәтижелер сегіз үздік могулшы ғана шығатын негізгі финалға өтуге жеткіліксіз болды. 14 ақпанда параллельді могул сайыстары өтеді.

Әсет ҚАЛИ