Мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Астанада бүгін бірінші ауысымның 0-11 (12)-сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауысты.

Астана қаласында ауа райына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)-сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.