2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Аталған бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті.