БҚО-да ауруханаға ауыр жағдайда түскен 11 айлық сәби көз жұмды

Дәрігерлердің мәліметінше, науқаста қызылша инфекциясына тән кейбір клиникалық белгілер байқалған.

Бала медициналық ұйымға бастапқыда басқа негізгі диагнозбен ауыр жағдайда түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқаста қызылша инфекциясына тән кейбір клиникалық белгілер байқалған. Бірақ жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде бұл диагноз расталмады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Соған қарамастан, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша тиісті талдау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.