Бүгінде коронавирус жұқтырған 29 адам Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханаларында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, науқастардың екеуінің жағдайы орташа ауырлықта. Соның біреуі – бала, оның халі айығуға үмітті. Осы күнге дейін ауруханаларда 672 адам, карантинде 598 адам және үй карантинінде 1549 адам бар. Бәрінің температурасы қалыпты. Еске салсақ, бүгін, 24 наурызда коронавирустық инфекцияның екі жағдайы Нұр-Сұлтанда, ал тағы үшеуі Алматыда тіркелді.