Отбасылардың жаппай ажырасуын шенеуніктер «ерлі-зайыптылар бүкіл уақытын бірге өткізген сайын ұсақ-түйекке бола ұрыс та көбейе түседі» деп түсіндіруде. Оған қоса, көпшілігі эпидемияның кесіріне құжаттарын реттеп үлгермеген. Мәліметтерге сүйенсек, Сычуань провинциясының Дажоу қаласындағы Азаматтық хал актілерін тіркеуіне соңғы үш апта ішінде 300 өтініш түскен. Ал Шэньси провинциясының Сиан қаласында бір тәуліктің өзінде ажырасуға 14 өтініш түсіпті. Мамандардың айтуынша, дерт ошағы қазір бәсеңдегенмен әлі де сақтану керегін ескертуде.