Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай тоқтатылуы мүмкін

Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай тоқтатылуы мүмкін

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады. Еске салайық, елордада биыл қаңтар айының аяғында қатты жауған қардың салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген.  – Қаланы төтенше жағдай режимінен шығаруды тек әкім шешеді. Коронавирусқа қатысты жағдай ушықпаса, 15 сәуірге дейін тоқтатуы мүмкін. Сондықтан, Нұр-Сұлтанда әлі сол белгіленген уақытқа дейін төтенше жағдай сақталуда, – деді ол. Сонымен қатар, пресс-конференция барысында Ильин қазіргі уақытта Қазақстанда елді мекендерді су басу қаупі жоқ деп сендірді.