"Бүгін Мемлекет басшысы экономиканы, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік аз қамтылған топтарды қолдауға, жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар қабылдады. Бизнес өкілдері өз кезегінде жұмыс орындарын қысқартпаулары қажет. Елбасының Үндеуінен кейін ел азаматтары үлгі болып арнайы қорға ақша аударып жатыр. Осы Үндеуге сәйкес, біз Нұр Отан партиясымен бірге бірінші кезекте көмекке мұқтаж азаматтарға көмектесуді бастап кеттік. Карантин мен коронавирусқа қатысты сұрақтарыңыз болса 109 номеріне хабарласуыңызға болады. Ол жерде қосымша телефон орталығын аштық. Карантин ерте аяқталсын десек, тәртіпке бағынып, жауапкершілікті терең сезінуіміз керек. Біз бұл қиындықты бірге еңсереміз. Біз біргеміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. https://www.facebook.com/tusupbekuly/posts/3020570664648900