Іс-шарада «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады.
«Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты орталық қызметкерлеріне тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсіндірді әрі экологиялық сауатты арттыру қажеттігін айтты. Қатысушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және күнделікті өмірде экологиялық дағдыларды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар алды.
«Табиғатты қорғау – құрғақ ұран емес, ол әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондықтан «Байтақ» партиясы қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық сананы арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға ерекше көңіл бөледі»- деді кандидат Айгүл Абдуалиева.
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері таза қоршаған орта халықтың денсаулығының, әл-ауқатының және елдің тұрақты дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай кездесулер азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті орнықтыруға ықпал ететінін жеткізді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау — болашаққа салынған инвестиция
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматы мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерімен жүздесті. Іс-шара Талғар қаласындағы қорық аумағында өтті. Кездесуге 20-ға жуық адам қатысты.
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, биоалуандықты қорғау, экологиялық ағартуды дамыту және Қазақстанның табиғи мұрасын сақтауда қорықтардың рөлі талқыланды.
«Табиғатты қорғау – тек экологтардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, биоалуандықты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – еліміздің тұрақты дамуының маңызды діңгегі. Яғни ерекше қорғалатын аумақтарды сақтау – болашаққа құйылған инвестиция», - деді «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты.
Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Қорық қызметкерлері табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.
«Байтақ» партиясы Қапал ауылында үгіт-насихат жұмысын жалғастырды
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл ауданындағы Қапал ауылы тұрғындарымен кездесті. Еркін форматта өткен жиында өңірлік филиалдың атқарушы хатшысы Ихтияр Мырзахметов партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Экологиялық қауіпсіздік, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері сөз болды.
«Таза табиғат – қуатты Қазақстанның негізі. Экологиялық қауіпсіздік тек қоршаған ортаны қорғау емес, бұл – халықтың денсаулығы, ауылдың өркендеп-өсуі, кейінгі буынның жарқын болашағы. Сондықтан біз әрбір тұрғынның пікірін тыңдап, нақты ұсыныстарды жүзеге асыруға мүдделіміз», - деп атап өтті Ихтияр Мырзахметов.
Кездесуде тұрғындар да белсенді болды. Олар тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу жүйесін енгізу, ауыл саябағын көгалдандыру, заманауи тазарту құрылымдарын салу сынды түйткілдерді көтерді. Сондай-ақ жұрт «Қазфосфат» кәсіпорнының экологиялық жауапкершілігі мен экологиялық залалды өтеу тетіктері жайын да айтты.
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері барлық ұсыныс-пікір назардан тыс қалмайтынын, жүйелегеннен кейін тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын хабарлады. Тараптар мұндай кездесулер өңір халқының нақты сұранысын ескеріп, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Нұргүл Қадырбаева: Ештеңеден қайтпайтын анамын
Алматыда өткен Құрылтай сайлауы қарсаңындағы алғашқы дебатқа қатысқан «Байтақ» партиясының кандидаты Нұргүл Қадырбаева елордаға оралды.
11 баланы тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ананы Астана әуежайында балалары, әріптестері мен партияластары ерекше ықыласпен қарсы алды. Гүл шоғын сыйлап, сыннан сүрінбей өткені үшін құттықтады.
Нұргүл Қадырбаев мұндай пікір алаңына алғаш шығып отырғанын айтып, бұл – үлкен тәжірибе болды деді.
«Алғашқы дебатқа шығып, бағымды сынап қайттым. Әрине, оңай болған жоқ. Себебі бұған дейін мұндай пікір-талас алаңына шығып көрмегем. Бірақ ештеңеден қайтпайтын ана болғандықтан, бұл сынақтан да басымды тік ұстап өтуге тырыстым. Ең бастысы, менің жүрегім халқым, елім деп соғады. Мен балаларымның экологиясы таза мемлекетте өмір сүргенін қалаймын. Сол үшін де күресемін», - дейді «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты.
Әуежайдан кейін Нұргүл Қадырбаева бірден «Байтақ» партиясының кеңсесіне барды. Алғашқы дебатта саяси ұйымның намысын қорғаған әріптесін партияластары да сән-салтанатпен қарсы алды.
«Байтақ» – ең әуелі халықтың партиясы. Таза ауа, таза су, таза жер кімге керек? Әрине сіз бен біз сияқты қарапайым адамға керек. Сол себепті сіз дебатқа қатысып, қарапайым халықтан шыққан партия екенімізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіз. Пікірталас алаңында бәрімізді толғандырған мәселені көтердіңіз», - деді «Байтақ» жасылдар партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев.