Бүгін «Ауыл» партиясының Республикалық сайлауалды штабында «Саясаттағы әйелдердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қарақат Әбден мен Жазира Сұлтанқұлова, сондай-ақ «Ауыл» партиясының Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
«Ауыл» партиясыны мүшесі Жазира Сұлтанқұлова баяндама жасап, әйелдердің шешім қабылдау үдерістері мен саясатқа белсенді араласуы мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.
Ал кандидат Қарақат Әбден әлеуметтік саясаттағы жауапкершілікке тоқталып, құрғақ уәделер мен популистік бастамаларды сынға алды.
Оның айтуынша, елдің әлеуметтік саясаты әдемі сөздерге емес, нақты экономикалық есеп пен қаржылық мүмкіндіктерге негізделуі тиіс.
Шара соңында қатысушылар «Ауыл» партиясыны өкілдеріне әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өз ұсынысын ортаға салды.
Ал «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Қостанай қаласындағы «Қазпошта» АҚ филиалының еңбек ұжымымен жүздесті. Кездесуге кандидаттар Владимир Киян, Александр Разинков, София Абдуразақова, Айдар Байкин, Андрей Двуреченский, Арман Исмаилов пен өңірлік сайлауалды штаб өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бұл кездесудің өзі үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Ол өз сөзінде еңбек жолын дәл осы пошта саласында оператор болып бастағанын, сондықтан бұл саланың жауапкершілігі мен маңызын жақсы түсінетінін жеткізді. «Ауыл» партиясының басшысы пошта қызметкерлерінің мемлекет пен халық арасындағы, әсіресе шалғай елді мекендердегі маңызды байланысты қамтамасыз етіп отырғанын айтып, ұжымға алғыс білдірді.
Кездесу соңында «Ауыл» партиясының өкілдері Құрылтайға ел мүддесі жолында қызмет етуге дайын, өз саласының тәжірибелі мамандарынан құралған команда бара жатқанын атап өтті. Жиын ашық диалог форматында өтіп, «Қазпошта» қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын «Ауыл» партиясының өкілдеріне қойды.
Сол аралықта «Ауыл» партиясының жастары Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде «Ауылым – әнім» музыкалық акциясын ұйымдастырды.
Автобус жолаушылары үшін «Ауыл» партиясының жастары бұл шығармашылық флешмоб көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған күтпеген тосынсый сыйлады.
Аталған акция аясында жастар тарапынан туған жерге, ауылға және атамекенге деген сүйіспеншілікке арналған әндер орындалды. Сонымен бірге, шара барысында жолаушыларға «Ауыл» партиясының үгіт-насихат материалдары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.