«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмысы Ақтөбеде жалғасуда

«Ақ жол» партиясы халықпен бірге қазақстандық өндірісті дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту және өзекті кадр мәселелерін талқылады.

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбеде еңбек ұжымдарымен кездесуі жалғасын тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбеде Дания Еспаева бастаған «Ақ жол» Демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы «Глобал – Спецодежда» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы - отандық бизнесті қорғауға және қолдауға бағытталған «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы.

Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері еліміздегі өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту жағдайын жақсарту бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева «Halyk Bank» АҚ-ның Ақтөбедегі филиалында болып, жергілікті кәсіпкерлермен және банк ұжымымен кездесті.

Партия төрағасы «Ақ жол» демократиялық партиясының қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және нарықтық экономиканы нығайтуға бағытталған бастамаларын таныстырды. Әсіресе, бизнеске арналған жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін кеңейту, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуды ынталандыру, квазимемлекеттік секторды қысқарту және салық саясатын отандық өндіріс мүддесі үшін  жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясы қатысушылары бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігі, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары және өңірлер экономикасын дамытудағы банк секторының рөлі жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап берген «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева  қуатты кәсіпкерлік, тиімді қаржы құралдары мен отандық бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясат болмаса, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Ақ жол» партиясымен ірге қатысушылар кәсіпкерлік ортаны одан әрі дамыту, инвестиция үшін мүмкіндіктерді кеңейту қозғады. Сондай-ақ «Ақ жол» партиясы бизнес, қаржы секторы мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелерін көтерді. 

Сонымен бірге, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбеде бизнес-стартаптар форумын өткізіп, жас кәсіпкерлерді, банк секторының, IT саласының, даму институттарының өкілдерін, студенттер мен бизнес қауымдастығын бір алаңға тоғыстырды. 

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева форум қатысушылары алдында сөз сөйлеп, партияның шағын және орта бизнесті қолдауға, отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты.