Коронавирус жұқтырғандардың саны 229 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандардың саны 229 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 229 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. "Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 00:50 жағдай Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта: Нұр-Сұлтан - 135 адам, Алматы – 60 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Жалпы 229 науқас тіркелді, – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.